Жаңалықтар

Н.Нығматулин: Миллиардтар жоғалса да қылмыстық із қозғалмаған

ашық дереккөзі

Н.Нығматулин: Миллиардтар жоғалса да қылмыстық із қозғалмаған

ҚР Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті жүргізген тексерістердің қорытындысы бойынша миллиардттар жоғалса да қылмыстық іс қозғалмағанын сұрады. "Мұнда тексеру процесі емес, оның нәтижесі - өтелген шығын көлемі, заңбұзушылық бойынша жауапқа тартылғандардың саны маңызды. Жүздеген миллиардтың жымқырылғанын елге жар салып айттыңыздар. Ал нәтижесінде дым да жоқ", - дейді Мәжіліс спикері.Бұл туралы tengrinews хабарлады. "Материалдарды құқық қорғау органдарына өткізетіндеріңізді айтасыздар. Алайда өткен жылы материалдарыңыз бойынша бірде-бір айыптау үкімі шығарылмады. Елде сотқа тікелей шыға алатын жалғыз құзырлы орган болсаңыздар да, сіздерден сот инстанциясына бірде-бір хабар түспеді. Тіпті берген материалдарыңыз бойынша да сотқа жетпейді. Көп жағдайда бұл істер жолданған материалдардың сапасы нашар болғандықтан сотқа жетпейді", - деді Нұрлан Нығматулин Мәжілістегі жалпы отырыста Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Нұрмұхамбет Әбдібековке. Нұрмұхамбет Әбдібеков бұл сұраққа 2016 жылдың қорытындысы бойынша анықталған қылмыстар бойынша бірінші кезекте анықталған заңбұзушылықтарды жою үшін нысандарды бақылау бойынша ұйғарым берілетінін айтып, түсіндірді. "Өткен жылы 29 дерек тіркелді, мұнда қылмыстық жауапкершілікке тартуға жататын қаржы заңбұзушылықтары анықталып, қаралды, құқық қорғау органдарына жолданды, оның бүгінде 14-і қабылданбады, мұның себебін олар өздері түсіндіре алатын шығар.  Сынды қабылдаймыз, өте дұрыс. Түзетеміз", - деп жауап берді Нұрмұхамбет Әбдібеков.