1 жасар қызын жыланға әдейі шақтырған әйел жауапқа тартылды
1 жасар қызын жыланға әдейі шақтырған әйел жауапқа тартылды
АҚШ-тағы Флорида штатында Facebook-те бір жасқа толған қызды жылан шаққан видео пайда болғаннан кейін оның анасының үстінен іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Америкалыққа жыланды баланы шағуға әдейі мәжбүрлеген деген айып тағылып отыр. Анасы оның денсаулыққа зияны жоқ деп есептеген көрінеді.
Шынында да бауырымен жорғалаушының бұл түрі усыз. Дегенмен әйелге жануарлар мен балаларға қаталдық көрсеткені үшін үшін айып тағылды.
«Ол мені және менің баламды бірнеше рет шақты, бірақ орнында ешқандай із қалған жоқ. Мен осылай ету - баланы жыланмен таныстырудың жақсы мүмкіндігі деп ойладым». Аты-жөні айтылмай отырған әйел осылай ақталды.
Ол Флорида штатында, Хайлендс ауылдық округінде тұрады. Әйел балаларының жабайы жануарлармен етене жақын болғанын қалайтындығын айтады. «Мені танитын жандар өз балама ешқашанда жаманшылық жасамайтынымды біледі. Ал бұл жыланның тістері өте майда және сәбидің терісіне еш зиян келтірмейді», -дейді ол.