Геннадий Головкин ЕХРО көрмесінің қонағы
7 маусым, 2017 /
Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ
Геннадий Головкин ЕХРО көрмесінің қонағы
Геннадий Головкин ЕХРО көрмесінің қонағы. Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) Қазақстанға келді.
TMZ Sport мәліметінше, боксшы 10 маусым - 10 қыркүйек аралығында Астанада өтетін халықаралық EXPO-2017 көрмесіне қатысады. 2016 жылы Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-қа сапары барысында Головкин EXPO-2017 көрмесінің ресми елшісі болып тағайындалды. Қазақстанға сапары барысында Головкин Қарағандыда болады. 7 маусымда Майқұдық ауданында оның туған жерінде Головкиннің атындағы спорткешені ашылады.
Салтанатты шараға Головкиннің өзі, балалар үйінің тәрбиеленушілері және Қарағандының спорт мектептері қатысады. Айта кетейік, кеше екі боксшы арасындағы жекпе-жек Лас-Вегаста (АҚШ, Невада) өтетіні ресми түрде жарияланды. "Канело" - Головкин жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтетінін ресми түрде хабарлаймын. Жанкүйерлер үшін керемет бокс кеші болмақ!" - деп жазды Том Леффлер Twitter желісіндегі парақшасында. Сауль Канело Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық "The Ring" журналының белбеуін бәске тігеді.