Жаңалықтар

Шетелдікті әуежайдан қалаға жеткізген такси 40 мың теңге алған

ашық дереккөзі

Шетелдікті әуежайдан қалаға жеткізген такси 40 мың теңге алған

Шетелдікті әуежайдан қалаға жеткізген астаналық такси 40 мың теңге сұраған. Венгрия азаматын әуежайдан қалаға жеткізген астаналық такси жүргізушісі алдап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  6 маусымда 14.00-де полицияға Венгрия азаматы шағым түсірген, ол белгісіз такси жүргізушісінің алаяқтық жолмен 40 000 теңге иемденіп кеткенін айтқан.  "Жедел-іздестіру шаралары барысында "Сарыарқа" ІІБ полицейлері 33 жастағы жүргізушіні ұстаған, ол шетел азаматын алдап, әуежайдан Желтоқсан көшесінде орналасқан қонақүйге жеткізгені үшін көп мөлшерде ақы алған", - дейді елордалық ІІД өкілдері. Такси жүргізушісі аккредитациядан өткен, жеке адам тасуға құқығы бар екені анықталды. Осы дерек "Алаяқтық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелген.