«Тіл мерейі» республикалық байқауының ережесі
«Тіл мерейі» республикалық байқауының ережесі
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті (бұдан әрі – Комитет) облыстық (қалалық) байқау жүлдегерлері арасында 2015 жылға «Тіл мерейі» республикалық байқауын (бұдан әрі – Байқау) жариялайды (2014 жылы «Үздік оқытушы» республикалық байқауының атауы «Тіл мерейі» деп өзгертілді, соған сәйкес Байқау ережесіне өзгерістер енгізілді).
Байқаудың мақсаты – ересектерге мемлекеттік тілді оқытып жүрген педагогтердің ішінен талантты, шығармашылықпен жұмыс жасайтын ұстаздарды анықтау, қолдау, марапаттау, олардың кәсіби әлеуетін дамыту, ынталандыру және озық тәжірибелерін тарату.
Байқаудың міндеттері:
Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, қазақ тілін оқыту үдерісінің мониторингін жоғарылату, беделін көтеру; оқытушылардың кәсіби-педагогикалық шығармашылығын және мемлекеттік тілді оқыту үдерісін ынталандыру; мемлекеттік тілді оқытудың әдіснамасын жетілдіру; қазақ тілі оқытушыларының кәсіби беделі мен қоғамдағы мәртебесін арттыру; ұлттық педагогика қағидаттарын қолдану, сонымен қатар қазақ тілін оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін анықтау және тарату; оқытушылардың кәсіби біліктілігін арттыру және өзара тәжірибе алмасу; мемлекеттік қызметшілерге, ересектерге қазақ тілінен сабақ берудің сапасын арттыру және акмеология-андрагогикалық педагогикалық шеберліктерін жетілдіру; этнос өкілдерінің қазақ тілін оқып-үйренуін ынталандырып, қызығушылығын арттыру және қазақ тілін оқытуда лингвоелтанымдық, лингвомәдениеттанымдық технологияларды жетілдіру арқылы қазақ тілін оқыту әдістемесінің аксиологиялық негізін байыту.Байқауға облыстық (қалалық) байқаудың жүлдегерлері қатысады.
Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар:
Байқауға қатысушылардың жас ерекшелігі 25-40 жас аралығын қамтуы тиіс. Байқауға қатысушылар 2015 жылдың 1 тамызына дейін өз жұмыстарын таныстыру мақсатында Тіл оқыту орталықтарының сайттарынан парақша ашып, электрондық портфолиоға барлық оқу және әдістемелік материалдарын, мемлекеттік тілді оқыту үдерісіндегі табыстары мен инновациялық ізденістерін, тәжірибесін, мақалаларын, марапаттарын және т.б. орналастырады. Белгіленген уақыттан кешіктірілген жұмыстар қаралмайды. Қазақ тілі сабағының үлгісін «Қазақ тілін оқытуға арналған типтік оқу-әдістемелік кешенінің» В1, В2 деңгейлері негізінде Комитет ұсынған тақырыптар бойынша әзірлеуі керек. Аталған деңгейлер бойынша тақырыптар қосымша ұсынылады.Республикалық байқаудың өткізілу тәртібі:
Бірінші кезең – республикалық байқауға қатысушылардың «Өзін-өзі таныстыру» (Визиттік карточка) (ұзақтығы 5 минут);
Екінші кезең – қазылар алқасын байқау қатысушыларының электрондық портфолиосымен таныстыру, талдау, бағалау, қорытындыға келу;
Үшінші кезең – алдын ала таңдалған тақырыптар бойынша 8-10 тыңдаушыдан құралған аудиторияда сабақ үлгісін беру (ұзақтығы 30-35 минут);
Кезеңдер бойынша қойылатын талаптар:
Таныстыру мынадай критерийлер бойынша бағаланады.- еркін түрде (креативті). Бағалау: 1-5 ұпай аралығында.
Электрондық портфолио мынадай критерийлер бойынша бағаланады. Бағалау: 5-10 ұпай аралығында.- электрондық портфолиодағы материалдардың байқау шарттарына сәйкестілігі;
- орналастырылған материалдардың білімдік және әдістемелік құндылығы (ғылыми-практикалық тұрғыдан, өзектілігі тұрғысынан, қазақ тілін үйретудің жаңа нәтижелі әдістерін қолдануы тұрғысынан);
- электрондық портфолиодағы материалдардың шынайылығы, деректік және теориялық қателіктердің болмауы;
- электрондық портфолио моделінің өзіндік ерекше құрылымы болуы;
- мәліметтер мен ақпараттардың айқын, анық және логикалық жағынан дұрыс құрылымда орналастырылуы; таңдалып алынған ақпараттық-коммуникациялық технологияның мақсатқа лайық болуы және тиімді болуы (барлық танысушыларға түсінікті және қолайлы интерфейс, навигациялардың қолайлы болуы, эргономикалық тұрғыдан икемділігі, сілтемелер қолжетімді болуы);
- электрондық портфолиодағы барлық ақпараттың берілуіндегі мәдениеттілік көрінісі.
«Қазақ тілі» сабағының үлгісі мынадай критерийлер бойынша бағаланады.Бағалау: 5-10 ұпай аралығында.
- тақырыпты лексикалық, грамматикалық тұрғыдан терең меңгерген болуы;
- сабақ тақырыбын ашудың, меңгертудің өзіндік ерекше айшықты тұстары болуы;
- сабақтың қазақ тілі арқылы қазақ халқының дүниетанымдық болмысын танытуға бағыт алған деңгейі;
- оқытушының тақырыпты меңгертуде түрлі ақпарат көздерін қолдануды тіл үйренушілерге көрсете, игерте алу шеберлігі;
- тіл үйренушілермен өзара ынтымақтастықта болуы, тақырыпты меңгеру барысында үлкен мотивациясы мен ерекше ынтасының байқалуы;
- оқытушы қолданған оқу және әдістемелік ресурстардың (аудио, бейне, мультимедиалық, көрнекілік т.б.) орынды болуы;
- оқытушы қолданған технологиялардың (әдістер мен амал-тәсілдердің, сабақ түрінің т.б.) орынды және түрлілігі болуы;
- сабақтың танымдық, тәрбиелік әлеуеті;
- оқытушының шығармашылық өзіндік бейнесі көрінуі; коммуникативтік мәдениеті; импровизациясы;
- әрбір тіл үйренушінің қазақша тыңдауына, оқуына, сөйлеуіне, сөйлесуіне, жазуына оқытушының дұрыс баға бере алу шеберлігі.
- оқытушының өз сабағына өзіндік талдау жасай алу шеберлігін бағалау (қолданған педагогикалық құралдарын және осы сабақты ұйымдастырып өткізу тәсілдерін аргументтеу).
Байқау қатысушыларының жұмысын бағалау және жеңімпаздарды анықтау үшін қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының құрамын Комитет анықтайды. Қазылар алқасының құрамы тіл мен әдебиет, педагогика салаларының ғалымдары, зиялы қауым өкілдері, мәдениет және өнердің беделді қайраткерлерінен тұрады. Сандық құрамы 5-7 адамнан аспауы тиіс. Қазылар алқасының құрамы төрағадан және мүшелерінен тұрады.
Қазылар алқасының жұмысына төраға басшылық жасайды, шешім шығарады және қазылар алқасы шығарған шешім үшін жауапты болады. Хатшы қазылар алқасының шешімі бойынша хаттаманы ресімдейді.
Байқау 2 күн өтеді. 1-күні таныстыру және байқауға қатысушылар таңдап алған тақырыптары бойынша сабақ өткізеді. 2-күннің бірінші жартысында шеберліктері мен жаңашылдығын көрсетеді, екінші жартысында электронды портфолио материалдары талқыланады, қорытындыланады.
Байқаудың жүргізілу барысы телеарналар, радио, интернет, мерзімді басылымдар арқылы кеңінен жариялануы керек.
Байқау жеңімпаздары қазылар алқасының шешіміне сәйкес дипломдармен, алғысхаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.
Мекенжайымыз: Астана қаласы, Орынбор көшесі 8-үй, 15-кіреберіс, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті. Байланыс телефондары: 8(7172) 74-04-56, 74-05-10, 74-05-09 (тел/факс).
Положение республиканского конкурса «Тіл мерейі»
Комитет по развитию языков и общественно-политической работы Министерства культуры и спорта Республики Казахстан (далее – Комитет) объявляет на 2015 год республиканский конкурс «Тіл мерейі» (далее - Конкурс) среди победителей областных (городских) конкурсов (в 2014 году название Республиканского конкурса «Лучший преподаватель» изменен на название «Праздник языка», согласно этому внесены изменения в правила конкурса).
Цель конкурса - определить, поддержать и поощрить среди педагогов творческих учителей, обучающих государственному языку взрослую аудиторию, развивать, стимулировать профессиональный потенциал и распространять их передовой опыт.
Задачи конкурса:
- повышение статуса государственного языка, повышение мониторинга процесса обучения казахскому языку;
- стимулирование профессионально-педагогического мастерства преподавателей и процесса обучения государствннному языку;
- совершенствование методологии обучения государственному языку;
- повышение профессионального имиджа, общественного статуса преподавателей казахского языка;
- применение национально-педагогических принципов, а также опеределение и распространение инновационных методов преподавания казахскому языку;
- повышение квалификации и обмен передового опыта преподавателей;
- повышение качества преподавания казахского языка государственным служащим, взрослым слушателям и совершенствование акмеолого- андрагогического педагогического мастерства;
- стимулирование обучения казахскому языку представителей этноса, повышение их интереса и обогащение аксиологической основы методологии обучения казахскому языку путем совершенствования лингвострановедческой и лингвокультуроведческой технологий.
В конкурсе принимают участие победители областных (городских) конкурсов.
Требования к участникам конкурса:
Возраст участников республиканского конкурса 25-40 лет. Участники Республиканского конкурса в целях ознакомления со своими работами до 1 сентября 2015 года на сайтах центров по обучению языкам открывают странички, где на электронном портфолио размещают все учебно-методические материалы, успехи, достигнутые в процессе обучения государственному языку, иновационные изыскания, опыты, статьи, награды и др. Необходимо разработать образец урока казахского языка на основе уровней В1, В2 и «Типового учебно-методологического комплекса для обучения казахскому языку» по темам, предложенным Комитетом по развитию языков и общественно-политической работы. Дополнительно будут предложены темы по названным уровням. Работы направленные позже указанного в положении времени не рассматриваются.Порядок проведения Республиканского конкурса:
Первый этап - знакомство с участниками Республиканского конкурса (визитная карточка) (продолжительность - 5 минут); Оценки: в пределах 1-5 баллов.
Второй этап - знакомство жюри конкурса с электронным портфолио участников, анализ, оценка и подведение итогов; Оценки: в пределах 5-10 баллов.
Третий этап - выбор темы образца урока, проведение образца урока в аудитории, состоящей из 8-10 слушателей (продолжительность 30-35 минут); Оценки: в пределах 5-10 баллов.
Требования по этапам:
Знакомство оценивается по следующему критерию:- в произвольной форме ( креативно).
Электронное портфолио оценивается по следующим критериям:- соответствие материалов в электронном портфолио условиям конкурса;
- грамотная и методологческая ценность размещенных материалов (с научно-практической точки зрения, с точки зрения актуальности и применения новых результативных методов обучения казахскому языку);
- действительность материалов в электронном портфолио, отсутствие фактических и теоретических ошибок;
- наличие своеобразной структуры модели электронного портфолио;
- точное, ясное и логически правильное расположение сведений и информации; соответствие выбранной информационнно-коммуникационной технологии поставленной цели и ее эффективность (понятный и удобный интерфейс всем ознакамливающим, удобная навигация, гибкость с эргономической точки зрения, доступность ссылок);
- культурное отражение наличия всей информации в электронном портфолио.
Образец урока казахского языка оцениватся по следующим критериям:- глубокое осовоение темы с точки зрения лексики и грамматики;
- наличие своеобразного раскрытия и освоения темы урока;
- уровень, направленный на познание мировозрения казахского народа;
- мастерство преподавателя при применении различных источников информации в освоении темы урока обучающимся;
- взаимодействие преподавателя и обучающихся, наблюдение большой мотивации и особенность способности в ходе освоения темы;
- правильное использование преподавателем учебных и методических ресурсов ( аудио, видео, мультимедио, наглядности и др.);
- правильное и разнообразное применение преподавателем технологий (методы и способы, вид урока и др.);
- показ преподавателем своего творческого образа; коммуникативная культура; импровизация;
- мастерство преподавателя при определении правильной оценки обучающему;
- оценка мастерства преподавателя при анализе своего урока (аргументация использования педагогических средств и методов организации этого урока)
Для оценки работы участников конкурса и определения победители и призеров создается жюри. Состав жюри предлагает Комитет. Состав жюри формируется из числа ученых сферы языка, литературы, педагогики, представителей интелегенции, авторитетных деятелей культуры, искусства. Численный состав жюри не должен превышать 5-7 человек. Состав жюри состоит из председателя и членов жюри. Председатель жюри руководит ее деятельностью, принимает и несет ответственность за решением жюри. Секретарь по решением жюри оформляет протокол. Конкурс проводится 2 дня. В первый день участники конкурса проводят уроки по выбранным темам. В первой половине второго дня участники демонстрируют мастерство и новшество, во второй половине дня обсуждаются материалы электронного портфолио и подводятся итоги.
Ход проведения конкурса необходимо широко объявлять через телевидение, радио, интернет, газеты.
Победители конкурса награждаются дипломами, благодарственными письмами и денежными премями в соответствии по решением жюри.
Наш адрес: г. Астана, ул. Орынбор 8, подъезд 15, Комитет по развитию языков и общественно-политической работы Министерства культуры и спорта РК. Контактные телефоны: 8(7172)74-05-10, 74-04-56 (74-05-09)