Зейнеткер велосипедпен Меккеге аттанды

Зейнеткер велосипедпен Меккеге аттанды

Зейнеткер велосипедпен Меккеге аттанды
ашық дереккөзі
Зейнеткер велосипедпен Меккеге аттанды. Өзбекстанның Наманған облысы Чартак ауданының зейнеткері Хусан Ходжибаев велосипедпен Сауд Арабияға қажылыққа аттанды. Қазіргі кезде ол Бұхара облысында жолда кетіп барады. 75 жастағы Хусан Ходжибаев велосипедпен 2 маусымда жолға шыққан. Ол 7 маусым кешкісін немесе 8 маусым таңертең Түркіменстанға жетуге ниетті. Зейнеткер Ходжибаев Түркіменстан және Иран арқылы өту визасын алмаған. Бірақ, оның сөздерінше, Өзбекстанның визасы бар, ол осымен өзге елдердің шекарасынан өте алады. 2016 жылдың қыркүйегінде Хусан Ходжибаев велосипедпен Самарқанға, елдің тұңғыш президенті Ислам Каримовтің басына барған. Зейнеткер ол кезде Каримовтің басына құран оқу үшін 500 шақырым жол жүрген. Facebook қолданушылары сол кезде оның сапарын «кіші қажылыққа» теңеген. Ислам діні бойынша Меккеге қажылыққа бару - мұсылман баласының бес парызының бірі болып саналады.