Дәрігерлер қызметі қымбаттады
Дәрігерлер қызметі қымбаттады
Қазақстанда аурухана дәрігерлерінің қызметі қымбаттады. Бұрын көпшілік аурухана дәрігерлері мен терең қызмет көрсететін мамандар қызметі тегін деп ойлайтын. Бірақ тегін қызмет тек жедел жәрдем арқылы ғана көрсетіледі. Ал жеке меншік клиникаға қарағанда республикалық, облыстық, аудандық ауруханаларда кеңес алудың бағасы арзанырақ болатын.
Қазақстандықтар стационарларда сирек емделетін болды: ауруханалар қызметі бір жыл ішінде 4,6%-ға кеміді. Осы уақытта жалпы тәжірибе дәрігерлері мен терең қызмет көрсететін мамандар қызметі 3,4%-ға қымбаттаған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат.
Биыл алғашқы үш айда денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет ұйымдары қазақстандықтарға 263,3 млрд теңгенің қызметін көрсеткен, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,4%-ға артық. Оның ішінде 80,3%-ы бюджет қаражаты есебінен, 13,8% - тұрғындар есебінен және 5,9 % - кәсіпорындар есебінен жұмсалған.
Айта кетерлігі, еліміздегі Астана, Алматы секілді екі ірі мегаполиске денсаулық сақтау және әлеуметтік көмек қызметі салаларының барлық қызметтерінің 30%-ға жуығы ғана жұмсалады, алайда мұнда еліміздің небәрі 15% тұрғыны шоғырланған. Бұл сонымен қатар, екі қалада республикалық деңгейдегі медициналық орталықтардың көптігін білдіреді. Қызмет бойынша ең жоғарғы орта чек те Астанада тіркелген. Мұнда адам басына 41,1 мың теңге (жылына +8%) және Алматыда адам басына 25 мың теңге (жылына +2,4%).
Салыстырмалы түрде, Қазақстан бойынша орта есеппен денсаулық сақтау және әлеуметтік көмек бойынша 2017 жылдың қаңтар-наурыз айларындағы көрсеткіш адам басына шаққанда 14,8 мың теңге, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, 1,9%-ға артқан.