Көпбалалы отбасыларға берілетін әлеуметтік көмек көбейеді

Көпбалалы отбасыларға берілетін әлеуметтік көмек көбейеді

Көпбалалы отбасыларға берілетін әлеуметтік көмек көбейеді
ашық дереккөзі
Үкіметтің кеңейтілген отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова келесі жылдан бастап азаматтарға берілетін атаулы әлеуметтік көмек 25 пайызға өсетінін мәлімдеді. Бұл үшін мемлекеттік бюджеттен қосымша 42,8 млрд теңге бөлу қарастырылады. «Бұл мақсаттарды орындау үшін біріншіден қазіргі таңда көп балалы және тұрмысы төмен отбасыларға берілетін 3 түрлі жәрдемақы: азаматтардың табысына қарамастан республикалық бюджеттен тағайындалатын арнаулы жәрдемақы, отбасының табысына қарай анықталатын және жергілікті бюджеттен төленетін балалар жәрдемақысының атаулы әлеуметтік көмегі біріктіріліп, бір атаулы әлеуметтік көмек ретінде берілетін болады. Бүгінде азаматтар осы жәрдемақыны алу үшін 3 пакет құжаттар даярлап, 3 түрлі мекемеге барады. Енді олар жаңа жүйе аясында 1 пакет құжаттарды даярлап 1 мекемеге яғни Жұмыспен қамту орталығына барады», - деді ол. Ведомство басшысының айтуынша, мұндай әлеуметтік көмек кез келген отбасыға берілмейді. Арнайы талаптары бар. «Мұндай қомақты қаражат аз қамтамыз етілген отбасыларға шартты түрде берілгелі отыр. Егер отбасында жұмыс жасындағы еңбекке қабілетті азаматтар болса, онда олар міндетті түрде Жұмыспен қамту шараларына қатысуы тиіс. Яғни еңбекке қабілетті әрбір азаматқа берілетін атаулы әлеуметтік көмекке қосымша мемлекет тарапынан оқып, мамандық алып, жұмысқа тұруына немесе микро-кредит алып, өз ісін ашуға қолдау жасалады. Егер еңбекке қабілетті азаматтар осындай қолдаудан өз еркімен бас тартса, атаулы әлеуметтік көмек тағайындалмайды. Ал жұмысқа тарту шараларына қатысуды өз бетінше тоқтататын болса, онда төленіп жатқан атаулы әлеуметтік көмек те тоқтатылатын болады», - деді министр.