Жарма тұрғындары ЭКСПО-ны тегін тамашалайды

Жарма тұрғындары ЭКСПО-ны тегін тамашалайды

Жарма тұрғындары ЭКСПО-ны тегін тамашалайды
ашық дереккөзі
Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының 400-ге тарта тұрғыны Астанада өтетін ЭКСПО көрмесін тегін тамашалайтын болды, деп хабарлайды "Егемен Қазақстан" газеті.  Аудан тұрғындарына мұн­дай мүмкіндікті ұсынып отырған – осы өңір аумағында алтын өндірумен шұғылданып жатқан «Бақыршық тау кен өндіру кәсіпорны». Жақын­да кәсіпорын басшысы Ю.Ов­чинников аудан әкімі Нұр­лан Сыдықовқа «ЭКСПО» көр­месіне демеушілік мақсатта бөлiнген, 2 миллион теңгеден астам қаржыға сатып алын­ған, әрқайсысы 6 мың теңге тұратын 390 билетті салтанатты түрде табыс етті. «Кәсіп­орын ұжымына алғыс айтамыз. Бұл билеттер ең алдымен, аудан­дағы  соғыс және тыл ардагерлеріне, тұрмысы төмен отбасылардың балаларына жә­не дарынды оқушыларға берілетін болады», деген аудан әкімі көрмеге баратындардың жолы мен жүріс-тұрысына қо­сымша 14 мың теңгеден бөлі­нетінін жеткізді. Реті келгенде айта кетейік, аудан тұрғындары осы уақытқа дейін ЭКСПО көрмесінің 1750 билетін сатып алыпты.