"Балапан" телеарнасына жаңа басшы тағайындалды

"Балапан" телеарнасына жаңа басшы тағайындалды

"Балапан" телеарнасына жаңа басшы тағайындалды
ашық дереккөзі
Белгілі журналист, тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы “Балапан” телеарнасының басшысы қызметінен кетті. Енді оның орнын Жанар Шәмел басты. Бұл туралы журналист Арман Сқабылұлы Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz.
“Балапанның” басшысы ауысып, Лəйлə Сұлтанқызының орнына Жанар Шәмел ханым келіпті. Бұл ауыс-түйістен де көп үміт күтеміз. Сонымен атқа мінгендерді құттықтап, түскендерге сабыр тілейміз”, – деп жазды автор. Айта кетейік, еліміздегі тұңғыш балаларға арналған телеарна 2010 жылдың 27 қыркүйегінде құрылған еді. Ал Ләйлә Сұлтанқызы 2012 жылдың 4 мамырынан бастап аталған телеарнаны басқарды.