БАҚ өкілдеріне берілетін Президент сыйлығының жүлде қоры белгілі болды

БАҚ өкілдеріне берілетін Президент сыйлығының жүлде қоры белгілі болды

БАҚ өкілдеріне берілетін Президент сыйлығының жүлде қоры белгілі болды
ашық дереккөзі
Биыл БАҚ өкілдеріне берілетін Президент гранты мен сыйлығының  жалпы жүлде қоры 9 млн теңгеден асады. Бұл туралы кеше Ақордада Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен өткен журналистер арасында Президент гранты мен сыйлығын табыстау туралы қоғамдық комиссияның отырысында белгілі болды.  Отырыста беделді сыйлыққа кімдердің лайық екендігі қаралды. Елбасының БАҚ өкілдеріне арналған сыйлығы мен гранты алғаш рет 1997 жылы берілді. Содан бері мұндай үрдіс 21-ші рет өткелі отыр. "Ереже бойынша, Президент сыйлығы тек ең үздік 2 журналистке беріледі және Президент гранты 36 жасқа толмаған екі журналистке беріледі. Сонымен қатар, Президенттің атынан бірнеше алғыс хаттар берілетін болады", - деді  ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова.