Астана күніне орай қазақстандықтар неше күн демалады?
Астана күніне орай қазақстандықтар неше күн демалады?
Елорда күніне орай қазақстандықтар төрт күн демалатын болды, деп хабарлайды ҚР премьер-министрінің ресми сайты.
Сайттың ақпаратына сәйкес, ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев демалыс күндерді ауыстыру туралы қаулыға қол қойған.
Қаулыға сәйкес, Елорда күніне — 1 шілде сенбіден –7 шілде жұмаға ауыстырылады. Демалыс күндері 6, 7, 8, 9 шілде болмақ.
Айта кетейік, Алматыдан Ақмолаға (Астаның бұрынғы атауы) көшіру туралы шешімін Қазақстанның Жоғарғы кеңесі 1994 жылғы 6 шілдеде қабылдады. 1997 жылғы 10 желтоқсанда ресми түрде көшірілді.