Етті бізден де көп жейтін елдер бар
Етті бізден де көп жейтін елдер бар
Етті қазақстандықтардан көп жейтін елдер белгілі болды. Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Руслан Дәленов қазақстандықтардың жыл сайын қанша келі ет жейтінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бірінші орындарда Люксембург пен АҚШ келе жатыр. Бұл елдерде 100 келіден асады, халықтың жан басына шаққандағы көрсеткіші - 130 келі. Қазақстанда әрбір азамат жылына 56 келі ет жейді. Яғни біз қалып отырмыз, бірінші орында емес, тіпті екінші орында да емеспіз", - деді Руслан Дәленов. Қазақстанда, оның айтуынша, орташа өмір сүру ұзақтығы 1991 жылы 67 жас болса, 2016 жылы 72 жас болған. Туу көрсеткіші жоғары өңір - Маңғыстау облысы - 31,15 адам (1000 адамға промиллемен есептегенде). Ал туу көрсеткіші төмен өңір - Солтүстік Қазақстан облысы - 13,57 адам (1000 адамға промиллемен есептегенде). 2016 жылы туғандардың саны 400 482, ұл бала - 207 118 және қыз бала - 193 364. 2017 жылдың сәуірінде туғандардың саны - 29 099, олардың 15 125-і ұл, 13 974-і қыз балалар. Сонымен қатар, 2017 жылдың сәуірінде ең көп қойылған есім қыздар арасында - Айзере (437), Айару - 398 және Раяна - 319, ал ұл балалар арасында Әлихан - 279, Айсұлтан (260) және Нұрислам - 217.