Қытайда ЭКСПО-2017 арналған естелік банкноттар шығарылды

Қытайда ЭКСПО-2017 арналған естелік банкноттар шығарылды

Қытайда ЭКСПО-2017 арналған естелік банкноттар шығарылды
ашық дереккөзі
Қытайдың «Ваньбо» және «Чжаньдао вэньхуа» атты екі компаниясы «Астана ЭКСПО-2017» ҰК-мен келісе отырып, «ЭКСПО-2017» мамандандырылған халықаралық көрмеге және Қытай мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 25 жылдығына орай естелік банкноттар мен почта маркасын шығарды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Қытайдағы меншікті тілшісі. Банкноттар мен почта маркасының салтанатты тұсаукесер шарасы Шанхай қаласында болды. Оған Шанхайдағы ҚР бас консульдығының өкілдері, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК ілгерлету және туризм департаменті, Қытайдың халықаралық сауда-саттыққа жәрдем көрсету комитеті мен қытайдың бірқатар бизнес өкілдері қатысты. ЭКСПО-2017 арналған естелік купюрлар шығару 1851 жылдан бастау алатын көрме тарихында тұңғыш рет орын алып отыр. Қазақстан (Бәйтерек пен ЭКСПО-2017-дағы  Қазақстанның ұлттық павильоны) мен Қытайды (Ұлы Қытай қорғаны және Аспан  храмы) бейнелейтін банкноттар (номиналсыз) 5 мың данамен шығарылды.