Қазақстан мен Үндістан ғарыш саласындағы жобаларды бірлесіп дамытпақ
Қазақстан мен Үндістан ғарыш саласындағы жобаларды бірлесіп дамытпақ
Жұмыс сапары аясында қазақстандық делегация Үндістан ғарыштық зерттеулер ұйымының («ISRO») басшылығымен кездесу өткізді. Келіссөздер барысында тараптар 2009 жылы қол қойылған ғарыш қызметі саласындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандум шеңберінде Қазақстан мен Үндістан арасындағы ынтымақтастықтың келешегін талқылады. Сонымен қатар, тараптар өздерінің ғарыш бағдарламаларын ұсынды және аэроғарыш өнеркәсібін дамыту аясында ынтымақтастықтың сондай бағыттары бойынша ұсыныстар талқыланды: ғарыштық байланыс жүйелері; зымыран-тасығыштар және ғарыш зымыран кешендері; Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйелері; шағын спутниктерді әзірлеу; ғарыш техникасы компоненттерін әзірлеу. Сондай-ақ, Бангалор қаласында қазақстандық делегация «ISRO» Спутниктерді интеграциялау және тестілеу ұйымына және «ISRO» Телеметрия, бақылау және басқару станциялап желісіне барды және қызметімен танысты.