Қызылорда облысында 12 мың гектар алқапты италиялық шегіртке жайлады

Қызылорда облысында 12 мың гектар алқапты италиялық шегіртке жайлады

Қызылорда облысында 12 мың гектар алқапты италиялық шегіртке жайлады
ашық дереккөзі
Қызылорда облысының Қазалы ауданында 12 мың гектар жерді италиялық прус шегірткесі жайлады. Азық талғамайтын жәндіктер негізінен құмды аймақтарда төбе көрсеткен деп хабарлайды "Хабар" телеарнасы.
Бүгінде өңірде аталған зиянкестерге қарсы жаппай улау жұмыстары жүріп жатыр. Қазір Қазалы өңірінде қаптаған шегірткенің көзін жоюға 4 арнайы техника мен 1 дельтаплан тартылған. Енді 10 күннен кейін азиялық шегірткеге қарсы химиялық дәрілеу жұмыстары басталады. Жалпы облыс бойынша өткен жылы 161 мың гектар жер залалсыздандырылса, биыл бұл көлем 8 мың гектарға дейін азайтылды. Айта кетейік, осынау зиякестермен күрес Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында да жүргізілуде.