ҰЭМ: Қазақстандықтардың саны 18 миллионға жетті

ҰЭМ: Қазақстандықтардың саны 18 миллионға жетті

ҰЭМ: Қазақстандықтардың саны 18 миллионға жетті
ашық дереккөзі

Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Руслан Дәленов Қазақстан халқының саны жайында мағлұмат берді. Ол халық санын онлайн түрде есептейтін арнайы жобаның іске қосылғанын айтт, деп хабарлайды sn.kz.

"Статистика қуантарлықтай деңгейде. Біздің санымыз 18 миллионға жетіп отыр. Аймақтар бойынша біз цифралардың көптен бері жаңартпаған едік. Өздеріңіз білесіздер, халық санағы 10 жылда бір өтеді, бірақ халық саны туралы мәлімет үнемі жаңарып отырады. Енді әрбір адам онлайн режимде қазақстандықтардың санын бақылауына болады. Яғни, жаңа туған сәбилерді, елге көшіп келген азаматтарды бірден есепке алынады", - деді Дәленов үкімет отырысы барысында.

Вице-министрдің айтуынша, халық саны туралы толық ақпарат биыл шілде айында көпке жария етілмек. 1 мамырдағы көрсеткіш бойынша қазақстандықтар саны 17 994 000 адамға жетікен. Сондай-ақ, Дәленов қазақстандықтардың өмір сүру жасы 67-ден 72-ге дейін өскенін атап өтті.