23 сағат ораза ұстайтын қай елдің тұрғындары?

23 сағат ораза ұстайтын қай елдің тұрғындары?

23 сағат ораза ұстайтын қай елдің тұрғындары?
ашық дереккөзі

Ұлыбританиялық «The Independent» газеті ораза ұстау қиынға соғатын елдерді атап көрсетті. Басылымның ақпараты бойынша, биылғы қасиетті айда шамамен 1,6 миллиард адам ораза ұстайды екен, бұл дегеніміз әлем халықтарының 22%-ы деп хабарлайды muslim.kz.

 Жаз айларында кейбір елдерде, соның ішінде Лапландияда, Финляндияда және Швецияда күн үнемі шығып тұруы мүмкін, кейде бір сағатқа ғана күн ұясына батады екен. Аталмыш басылым Рамазан кезінде күн 55-ақ минутқа бататын солтүстік Финляндияда тұратын отбасымен әңгімелесіп қайтқан.
«Біздің оразамыз таңғы 1:35-те басталып, түнгі 12:48-де бітеді. Осылайша, оразамыз 23 сағат 5 минутқа созылады. Менің Бангладеште тұратын достарым мен туыстарым біздің оразамыздың 20 сағаттан артық болатынына сене алмайды», - деді жанұя отағасы Мохаммед. Дегенмен, оның айтуынша, көрші елдердегі мұсылмандар осындай жағдайларға бейімделіп алған. Мысалы, Лапландияда тұратын мұсылмандар өздеріне жақын орналасқан мұсылман елі – Түркияның ораза ұстау уақытымен жүреді екен.