Қазақстан мен Доминикан Республикасы арасында визасыз жүйе енгізу қарастырылуда

Қазақстан мен Доминикан Республикасы арасында визасыз жүйе енгізу қарастырылуда

Қазақстан мен Доминикан Республикасы арасында визасыз жүйе енгізу қарастырылуда
ашық дереккөзі
Қазақстан мен Доминикан Республикасы арасында  жеңілдетілген визасыз жүйе енгізу қаралып жатыр, деп хабарлайды 24.kz арнасы. Бұл туралы бүгін Доминикан Республикасының Сыртқы саясат басшысы Мигель Варгастың елімізге жасаған алғашқы сапары кезінде айтылды. Екі ел сыртқы істер министрлері кездесіп, саяси декларацияға қол қойды. Астана мен Санто-Доминго сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық және саяси байланыстарды нығайтып, туризмді дамытуға уағдаласып отыр. Айта кетейік, былтыр екі ел арасындағы сауда айналымы шамамен 900 мың долларға жеткен. Бұл 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда  1 жарым есеге көп. Сондай-ақ Доминикан Республикасы ЭКСПО көрмесіне белсене қатысып, көпшілікке өз экспозициясын таныстырады. Айта кетейік, екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 2011 жылы орнаған. «Келіссөздер барысында екі жақты және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді біз талқыладық . Тараптар екі жақты сауда мен инвестициялардың көлемін арттыруға, олардың құрылымдық өзара тиімді іс қимылдарды ұзақ мерзімге бағытталған жобаларды дамытуға біз ниеттігімізді білдірдік», – деді ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов. «Біз Қазақстанмен саяси байланыстарды бекемдеп, нақты келісімдерге қол қоюды жоспарлап отырмыз. Сауда-экономикалық, инвестициялық әріптестікті нығайтқымыз келеді.  Осы сапар аясында түрлі сала өкілдерімен кездесіп, тиісті уағдаластықтарға қол жеткіземіз деген сенімдемін. Ал ЭКСПО көрмесіне қатысу біз үшін қуанышты жағдай. Осы халықаралық шараны сәтті өткізулеріңізге тілектеспін», – деп атап өтті Доминикан Республикасының Сыртқы істер министрі Мигель Варгес.