Грекия сақшылары босқындарды Еуропаға заңсыз жөнелткен топты анықтады
Грекия сақшылары босқындарды Еуропаға заңсыз жөнелткен топты анықтады
Грекия полициясы Афинада босқындарды Еуроодақ және Солтүстік Америка елдеріне заңсыз жолмен жіберіп отырған топты анықтады, – деп хабарлайды 24.kz арнасы.
Арнаның хабарлауынша, тәртіп сақшылары жеті адамды тұтқындады. Оның алтауы ауған, біреуі Судан тумасы болып шыққан. Сондай-ақ, алаяқтардың қызметіне жүгінген бірнеше босқын ұсталды. Жасырын ұйым заңсыз әрекетін екі жыл бойы жүргізіпті.
Euronews хабарлауынша, қылмыстық топ мигранттарға жасанды және ұрланған құжаттар жасап отырған. Осы құжатпен олар ел әуежайларындағы бақылаудан алаңсыз өткен. Алаяқтар бұл қызметін 4 мыңнан 16 мың еуроға дейін бағалаған. Айта кету керек, қазір Грекиядағы лагерьлерде шамамен 60 мың босқын қалды.