Дүниежүзілік банк: Қазақстан экономикасы тұрақты өсім көрсетеді

Дүниежүзілік банк: Қазақстан экономикасы тұрақты өсім көрсетеді

Дүниежүзілік банк: Қазақстан экономикасы тұрақты өсім көрсетеді
ашық дереккөзі

Дүниежүзілік банк Қазақстан экономикасы мұнай бағасының нығаюы мен елдің жағымды макроэкономикалық саясатының арқасында 2017 жылы 2,4 пайыздық, 2018 жылы 2,6 пайыздық өсім көрсетеді деген болжам жасады деп хабаралады 7kun.kz.

Ал көршілес Ресейде екі жылдық құлдыраудан кейінгі экономикалық өсім биыл 1,3%, 2018 жылы 1,4% болады деп болжады банк. Ондағы өсімге тұтынушылықтың артуы себеп болмақ. Сонымен бірге, Дүниежүзілік банк «2017 жылғы әлемдік экономика өсімі 2,7% құрайды» дейді. Өсімге шикізат бағасының тұрақтанып, өндірістік өнеркәсіп пен сауданың біршама артуы әсер етеді» делінген банк таратқан хабарламада.