Жаңалықтар

"ҚазСат" 45 миллион долларды үнемдеді

ашық дереккөзі

"ҚазСат" 45 миллион долларды үнемдеді

ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов қазақстандық спутниктерді пайдалану мүмкіндігі туралы баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «KazSat» ғарыштық жүйесін пайдалану мерзімі аралығында шетелдік жер серіктері ресурстарын пайдалануды қысқарту есебінен 27 млрд теңге көлемінде импортты алмастыру қамтамасыз етіліп, 14,7 млрд теңге сомасында кіріс болды. Егер де «KazSat» спутниктері болмаса, жыл сайын біздің тұтынушылар шетелдік жер серіктерінің қызметіне 45 млн АҚШ долларын төлер еді», - деді министр Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында. Жерді қашықтықтан зондтау екі спутнигінен тұратын «KazEOSat-1», «KazEOSat-2» аппараттарын коммерциялық пайдаланудан түскен табыс Қазақстанда 760 млн теңгені құрады, ал шетелде кіріс сомасы 143 теңгеге жетті. 2016 жылдан бастап мемлекеттік органдарға өтеусіз негізде шамамен құны 12 млрд теңге құрайтын 20 млн шаршы шақырым аумақтың суреттері берілді. Мысалға, шетелдік операторлардың тарифтерімен ұқсас ғарыш суреттерін сатып алған жағдайда, оның құны 23 млрд теңгені құраушы еді.