Әлем сыра ішуді азайтты
Әлемде алкогольдік ішімдіктерге сұраныс төмендеді. Бұл туралы ішімдікті ғаламдық тұтыну деңгейін анықтайтын International Wine and Spirits Record ұйымының есебінде көрсетілді, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі.
2016 жылы сыра өнімдерінің сатылымы 1,8%-ға төмендегендіктен, алкогольдік өнімнің нарықтағы саудасы 1,3%-ға кеміді. Бірнеше жылғы өсімінен кейін сидр сатылымы да 1,5%-ға құлады. Өткен бес жылда сауданың құлдырауы 0,3% деңгейінде тұрақтап тұрды, сол себепті 2016 жылғы мәліметтер алкоголь өнімін шығарушылар үшін күрделі мәселеге айналатындығын дәлелдейді.
Аталмыш ұйымның есебіне сенсек, орташа шарап саудасы бұрынғы деңгейінде, ал күшті ішімдіктерді сату 0,3%-ға өскен. Алайда, ХВҚ мәліметінше, 2016 жылы жалпы ішкі өнімнің әлемдік көлемі 3,5%-ға артқан, ал экономикалық өсім әдетте Ресей, Қытай және Бразилия сынды ірі экономикалы үш елдегі алкоголь өнімдерін тұтынудың артуымен байланыстырылады. Бұл елдерде өсім бәсеңдеп, құлдырау байқалады. Сыра сатылымы Ресейде 7,8%, Бразилияда - 5,3%, Қытайда - 4,2%.
Дереккөз:
ҚазАқпарат