Қазақ-қытай шекарасындағы төбелес салдарынан 25 жасар жігіт қаза тапты

Қазақ-қытай шекарасындағы төбелес салдарынан 25 жасар жігіт қаза тапты

Қазақ-қытай шекарасындағы төбелес салдарынан 25 жасар жігіт қаза тапты
ашық дереккөзі
"Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы" (ШЫХО) аумағында екі ер адам арасында жанжал туындап, нәтижесінде біреуі көз жұмды. Бұл туралы  өңірлік ішкі істер департаментіне сілтеме жасап  Sputnik Қазақстан агенттігі хабарлады.  "4 маусым 15:40-та "Қорғас" ШЫХО шекара және кедендік бақылаудан өту учаскесінде Қазақстан азаматтары 1995 жылы туған Көктал аулының тұрғыны Кәрібжанов Диас Ернарұлы мен 1992 жылы туған Әулиеағаш кентінің тұрғыны Төлегенов Қуаныш Берікұлы арасында жанжал туындады", — деп хабарлады полицияда. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, болжам бойынша төбелеске себепші Төлегенов оқиға салдарынан алған жарақаттардан, аудандық ауруханаға барар жолда көз жұмды. "Адам өлтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жанжал бақылау камерасына түсіп қалған, оның видеосы жексенбіде Желіде жарияланды.