Шымкентте бұрын-соңды болмаған медициналық орталық ашылды

Шымкентте бұрын-соңды болмаған медициналық орталық ашылды

Шымкентте бұрын-соңды болмаған медициналық орталық ашылды
ашық дереккөзі

Шымкентте қарттар мен мүгедек балаларға қызмет көрсететін орталық ашылды, деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ.

Облыс орталығында бұрын-соңды болмаған орталық өз жұмысын бастады. Енді бұл ғимаратқа науқас балалар мен жалғызбасты қарттар күндізгі стационар негізінде жатып ем қабылдай алады. Яғни, кез келген келушіге таңғы сағат тоғыздан кешкі төртке дейін медицина мен педагог мамандар қызмет көрсетеді.
Орталықтың ашылу салтанатына қатысқан облыс басшысы Жансейіт Түймебаев бұл мекеменің халыққа берер көмегі мол екенін алға тартып, мүмкіндігі шектеулі жандарға ел болып көмек көрсету керектігіне тоқталды.
 Ақпарат ретінде айта кетейік, Шымкентте бұған дейін де мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы мамандар қызмет көрсетіп келді. Тек ол кезде дәрігерлер науқас жандардың үйіне барып емдік шараларын жүргізген.
Ал енді жаңа орталыққа кез келген науқас (автор: орталық қызметіне мұқтаж жандар) келіп, медициналық көмек ала алады. Олардың қатынауы үшін арнайы көлік те қарастырылған.