Зидан "Реалды" өмірінің соңына дейін жаттықтырса болады

Зидан "Реалды" өмірінің соңына дейін жаттықтырса болады

Зидан "Реалды" өмірінің соңына дейін жаттықтырса болады
ашық дереккөзі
Мадриттік «Реалдың» президенті Флорентино Перес командасының жеңісінен кейін Зинедин Зидан, Криштиану Роналду туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Лента.ру. «Зидан «Реалды» өмірінің соңына дейін жаттықтырса болады. Біздің әрбір фанатымыз оған риза. Зидан небәрі 17 ай ғана жұмыс істеп, өзінің қарым-қабілетінің деңгейін көрсетті. Криштиану Роналду туралы айтар болса, ол «Алтын допты» бесінші мәрте жеңіп алды. Роналду бұл атаққа лайықты», - деді Перес. Айта кетейік, «Реал» испандық футбол клубы италиялық «Ювентусты» Чемпиондар лигасының финалдық матчында 4:1 есебімен ұтып, екінші мәрте Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанған болатын.