Жаңалықтар

АҚШ визасын алудың жаңа ережелері

ашық дереккөзі

АҚШ визасын алудың жаңа ережелері

АҚШ Мемлекеттік департаменті қауіпсіздік мәселесіне байланысты бұл елге кіргісі келген адамның өзінің әлеуметтік желілердегі парақшаларын жариялауға міндетті екендігін хабарлады. Бұл туралы "Фарс" ақпараттық агнттігінің ресми сайтында жарияланды деп жазды Qazaqtimes. АҚШ Мемлекеттік департаментінің жариялауынша, АҚШ визасын алғысы келген адам жаңа сауалнамаға өзінің соңғы он бес жылдағы биографиясын, сол уақыт аралығында тұрған жерлері мен барған жерлерін, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі аттарын, электронды пошта адрестін және туыс-туғандарының телефон нөмірлерін жазуы тиіс. АҚШ-тың жаңа президенті Доналд Трамп билікке келгелі АҚШ-қа сырттан келетіндер туралы түрлі заң-ережелер шығып жатыр. Арнайы аты аталған мұсылман елдерінің азаматтарына елге кіруге тосқауыл қойған Трамп билігі енді тағы бір жаңа тәсіл ойлап тауып жатыр.