Мектепке дейінгі білім орталығы 11 есе өскен

Мектепке дейінгі білім орталығы 11 есе өскен

Мектепке дейінгі білім орталығы 11 есе өскен
ашық дереккөзі
Мемлекеттік «Балапан» бағдарламасының арқасында Қазақстанда мектепке дейінгі тәрбие және білім берумен айналысатын мекемелердің саны 11 есеге өскен деп хабарлайды Хабар 24. Қазір республикада мемлекеттің қолдауымен жекеменшік ұйымдар көптеп ашылып жатыр. Бұл туралы Тұңғыш Президент қоры ұйымдастырған «Қазақстандағы мектепке дейінгі білім беру жүйесінің 100 жылдығына» арналған халықаралық конференцияда айтылды. Кездесуге қатысқандар бірде-бір мемлекет бюджеттік қаражат есебінен балабақша және білім беру орталықтарымен толық қамти алмайды дейді. Есесіне әлемде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік дамып келеді. Қазір дүние жүзіндегі жекеменшік балабақшалар мен мектепке дейінгі дамыту орталықтарының үлесі – 35 пайыз. Ал Қазақстанда бұл көрсеткіш 25 пайызға жетті. Нәтижесінде елімізде 800 мыңнан астам бүлдіршін балабақшамен қамтылды. Сонымен қатар сапалық жағына да ерекше мән беріліп отыр. Бижан Игенбаева, ҚР БҒМ «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының директоры: – Бірыңғай талаптарға негізделген жаңа мазмұндағы жаңа құрылымдағы мектепке дейінгі білім берудің үлгілік бағдарламасын жасадық. Бұл бағдарламаның басқа бұрынғы бағдарламалардан ерекшелігі - бір жас пен алты жасқа дейінгі баланы дамытуды толық қамтиды.