"Реал" командасы он екінші рет жеңімпаз

"Реал" командасы он екінші рет жеңімпаз

"Реал" командасы он екінші рет жеңімпаз
ашық дереккөзі
Испанияның "Реал" командасы футболдан Еуропа Чемпиондар лигасында жеңімпаз атанды. Финалда "Реал" Италияның "Ювентус" клубынан басым түсті. Уэльстің Кардифф қаласында өткен шешуші матч 4:1 есебімен аяқталды. Матчтың 20-минутында "Реал" құрамынан Криштиану Роналду есеп ашқан. 27 минутта "Ювентус" сапынан Марио Манджукич есепті теңестірді. Ал 61 минутта "Реал" сапынан Каземиро есепті еселесе, 64 минутта Роналду матчтағы екінші голын салды. Ойынның 90-минутында "Реал" ойыншысы Марко Асенсио есепті 4:1-ге жеткізді. "Реал" Чемпиондар лигасында осымен 12-рет топ жарды және бұл турнирде екі жыл қатарынан жеңімпаз атанған алғашқы команда. Чемпиондар лигасының былтырғы финалында Мадридтің екі командасы "Реал" мен "Атлетико" кездескен. Матчтың негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталып, пенальтиден "Реал" жеңіске жеткен. Чемпиондар лигасы - Еуропа футбол қауымдастығы (UEFA) ұйымдастыратын клубтар арасындағы турнир. Жарысқа UEFA құрамына кіретін елдердің чемпионаттарында үздік шыққан командалар қатысады. Қазақстан чемпионы "Астана" биылғы Чемпиондар лигасы іріктеу жарысының үшінші кезеңінде Шотландияның "Селтик" командасынан жеңіліп, негізгі кезеңге өте алмаған.