Ұшу ережесіне бағынбаған Мақсат Үсеновті Бангкок полициясы қамауға алды

Ұшу ережесіне бағынбаған Мақсат Үсеновті Бангкок полициясы қамауға алды

Ұшу ережесіне бағынбаған Мақсат Үсеновті Бангкок полициясы қамауға алды
ашық дереккөзі
Аты шулы Мақсат Үсеновті Бангкок полициясы ұстады. Бұл туралы Air Astana компаниясына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады. «Бортта азамат Үсеновті қоса алғанда 70 жолаушы болды. Ұшу барысында ол әуе кемесінде болу ережесін бірнеше мәрте бұзды. Осыған байланысты әуе компаниясының экипажы барлық процедураларға сәйкес жолаушыны жергілікті уақыт бойынша 8-30-да Бангкок әуежайына қонғаннан кейін Тайланд полициясына табыстады. «Эйр Астана» әуе кемесінде болу ережесін бұзу, бортта темекі шегуге жол берілмейді. Өйткені ол ұшу қауіпсіздігіне кедергі келтіріп, өзге жолаушылардың жайсыздық тудырады», - деді әуе компаниясынан. Айта кетейік, бұған дейін Павел Коктышев есімді желі қолданушы өзінің Фейсбуктегі парақшасында осы келеңсіз оқиға жайында жазып, тіпті видеолар да жарияланған болатын. «Үсенов ұшу барысында өзін дөрекі ұстап, көршілеріне тиісуге тырысты. Алдымен стюардессадан темекі шегуге рұқсат сұрап, тіпті 200 доллар да ұсынды. Соныңда темекі шеккен де сияқты. Өйткені, стюардессалар акті жасады», - деп жазды ол. Сонымен қатар, Павел Коктышев Мақсат Үсеновтің ұшақ қонар кезде орындық арқалығын көтермегендігін және қауіпсіздік белдігін тақпағандығын атап өткен. «Әкесі оны тіпті физика заңдылықтарынан да қорғап қалатын сияқты. Соңында ұшақ жерге қонысымен оны жергілікті полицияға табыс етті», - деді Коктышев.