Жаңалықтар

Ұлыбританияда сайлауалды соңғы теледебаттар өтті

ашық дереккөзі

Ұлыбританияда сайлауалды соңғы теледебаттар өтті

Ұлыбританияда маусымның 8-іне белгіленген кезектен тыс парламент сайлауы алдында кандидаттар соңғы рет теледебатта сөз таластырды. Оған елдің премьер-министрі Тереза Мэй және оппозициялық лейбористер партиясының жетекшісі Джереми Корбин қатысты. Саясаткерлерге өзге сауалдармен бірге Ұлыбританияның Еуропа Одағынан шығуы (Brexit) жайлы да сұрақтар қойылды. Мэй бұл мәселе бойынша Брюссельмен келіссөздердің кез-келген нәтижесіне дайын болатынын, алайда ол процесс екі жаққа да тиімді болып аяқталатынына сенімді екені жайлы мәлімдеген. Корбин егер сайлауда жеңіске жетіп, үкімет басына келетін болса Еуропа Одағымен келіссөз өткізуге қабылетті командасы барын айтып, оны мақтаған. Тереза Мэй сәуір айында елде кезектен тыс парламент сайлауын белгілеген. Ол парламент сайлауын өткізу Brexit-ті сәтті өткізу үшін қажет деп түсіндірген. Социологтардың мәліметтері бойынша, қазір Мэй бәсекелестерінен сәл озып тұр. Бірақ оппозициялық лейбористер партиясын қолдаушылар саны да көбейіп келеді. Қазір екі партияның арасындағы алшақтық шамамен 10 пайызды құрап отыр.