Елбасы Астанада "Ритц-Карлтон" қонақүйінің ашылуы рәсіміне қатысты

Елбасы Астанада "Ритц-Карлтон" қонақүйінің ашылуы рәсіміне қатысты

Елбасы Астанада "Ритц-Карлтон" қонақүйінің ашылуы рәсіміне қатысты
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанада "Ритц-Карлтон" қонақүйінің ашылу рәсіміне қатысты, - деп хабарлайды Ақорда сайты.   Елбасы Астанада бес жұлдызды алғашқы халықаралық премиум-класты қонақ үйдің ашылу рәсіміне қатысты. Қонақ үй Talan Towers көпфункционалды кешенінің ғимаратында орналасқан. Нұрсұлтан Назарбаев астаналықтарды, инвесторларды және құрылысқа қатысқан барлық азаматтарды қонақ үйдің ашылуымен құттықтады. "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесі қарсаңында елорда тұрғындарына тағы бір сыйлық жасалды. Бұл - әлемдік деңгейдегі "Ритц-Карлтон" қонақ үйі. Оның құрылысына сапалы технологиялар мен стандарттар қолданылып, қысқа мерзім ішінде бой көтерді. Бұл - қала инфрақұрылымына салынған зор инвестиция", - деді Мемлекет басшысы. Қазақстан Президенті Астананың жоғары деңгейлі қонақ үй кешеніне ие болғанын атап өтті.  "Қонақ үй құрылысына Қазақстанның компаниялары қатысты. Жаңа ғимаратта ең жоғары дейгейдегі іс-шараларды өткізіп, жоғары мәртебелі меймандарды қабылдауға қажетті барлық инфрақұрылым бар", - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Сондай-ақ, Елбасы Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.   Астананың сол жағалауындағы Talan Towers кешенінің жалпы алаңы - 120 мың шаршы метр. Онда Talan Towers Offices, "Ритц-Карлтон" қонақүйі, SPA орталығы, бизнес орталығы және Emporium сауда галереясы орналасқан.