Джеки Чан ЭКСПО-ға келеді

Джеки Чан ЭКСПО-ға келеді

Джеки Чан ЭКСПО-ға келеді
ашық дереккөзі
Қытайдан шыққан атақты Голливуд актері Джеки Чан ЭКСПО аясында өтетін қытай фильмдерінің көрмесіне келмек, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігі ecns.cn порталына сілтеме жасап.  Астанада 7-18 маусым аралығында өтетін көрмеде алты толықметражды фильм ұсынылады, олардың арасында Джеки Чан түскен "Кунг-фу йога" киносы бар. Көрмеге Чанның өзі де қатысады", — деп хабарлайды ұйымдастырушылар. Басылым атап өткендей, жас әнші Димаш Құдайберген Джеки Чанның фильмдері арқасында Қытай елін жақсы көріп кеткенін микроблогында жазған. "Енді Димаш әлемге әйгілі актерді үлкен экранда тағы да тамашалай алады", — деп жазады ecns.cn. Димаш Құдайберген мен Джеки Чан қазақстандық әншінің I am a Singer конкурсындағы айтулы жетістігінен соң танысқан болатын. Джеки Чан Димашты өз шоуына шақырып, қытай тілін үйретуге тырысып, тіпті сыйлық та тарту еткен еді.