Елбасы жергілікті полиция жұмысына көңілі толмайтынын айтты

Елбасы жергілікті полиция жұмысына көңілі толмайтынын айтты

Елбасы жергілікті полиция жұмысына көңілі толмайтынын айтты
ашық дереккөзі

Нұрсұлтан Назарбаев Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесуде мемлекет басшысына «100 нақты қадам» ұлт жоспары аясында сот реформасын іске асыру және сот төрелігін атқару жұмыстары жөнінде есеп берілді.

Елбасы сот жүйесінің және бүкіл құқық қорғау саласының алдында тұрған жұмыстардың ауқымды екенін атап өтті.
"Азаматтар сотқа сенім артып, көмек алу үшін жүгінгенде, шешім әділ болып, олардың құқықтары нақты қорғалғанда ғана заңның толық үстемдігі қамтамасыз етіледі. Қазір олай деуге әлі ерте, – деді Қазақстан президенті. Мемлекет басшысы сот процесінде жарыспалылықтың жоқтығына тоқталып, адвокатураның дамуы әлсіз екеніне назар аударды. "Сот жүйесін жетілдіру жөніндегі барлық шаралар кешенді түрде атқарылуға тиіс. Жергілікті полиция жұмысына сын айтылуда. Бизнеске және салыққа қатысты тексерулер саны азаймай отыр. Осы саладағы жұмысты жөнге келтіру керек", – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қайрат Мәми мемлекет басшысына құқық қорғау саласында жүзеге асырылған реформалар сот жүйесіне оң әсер еткенін баяндады. "Республикада соттар тұрақты режімде жұмыс істеуде. Биыл 5 айдың ішінде соттарға 512 мыңнан астам қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер келіп түсті. Солардың 417 мыңнан астамы белгіленген процессуалдық мерзімде қаралды", – деді Жоғарғы сот төрағасы. Бұдан бөлек, Мәми елбасына азаматтардың соттарға шағымдануы көбейіп келе жатқаны, сондай-ақ электрондық сот жүйесін енгізу нәтижелері туралы баяндады. Нұрсұлтан Назарбаев кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.