ДДСҰ: Шылым жылына 7 млн адамның өмірін жалмайды

ДДСҰ: Шылым жылына 7 млн адамның өмірін жалмайды

ДДСҰ: Шылым жылына 7 млн адамның өмірін жалмайды
ашық дереккөзі
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) әлем бойынша жылына 7 млн астам адам шылымның зардабынан қайтыс болатындығын мәлімдеді. Бұл туралы ТАСС сайты жазды. «Шылым адамдарды ең бірінші кедейлікке, еңбек өнімділігінің төмендеуіне, адамдардың сапасыз тағам тұтынуына және қоршаған ортаның ластануына алып келетін алғышарт, - деп мәлімдеді ДДСҰ-ның Бас директоры Маргарет Чен.  31 мамыр - дүниежүзілік темекіден бас тарту күніне дейін жарияланған баяндамада XX және XXI ғасырларда шылымнан көз жұмған адамдар санының 4 млн-ды құрағандығын, алайда қаза тапқандар саны 7 млн адамға өскендігін есептеген. Ұйымның болжамы бойынша, алдағы уақытта шылымның зардабынан қайтыс болғандар саны өсе береді және олардың саны осы ғасырда 1 млрд-ты құрайды, дегенді алға тартады халықаралық ұйым.