Елбасы Түркия Премьер-Министрінің орынбасарын қабылдады

Елбасы Түркия Премьер-Министрінің орынбасарын қабылдады

Елбасы Түркия Премьер-Министрінің орынбасарын қабылдады
ашық дереккөзі
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түрік Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Тұғрұл Түркешпенді қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Кездесуде Қазақстан Президенті Түркияның бізге жақын әрі ағайын елдердің бірі екенін атап өтті.  - Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бергі 25 жыл ішінде біздің  өзара қарым-қатынасымыз барлық бағыт бойынша ілгерілеп, дамып келеді, - деді Мемлекет басшысы. Т.Түркеш өзін қабылдағаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтып, Түрік Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоғанның сәлемін жеткізді. - Түрік Республикасы мен Қазақстан арасындағы қатынастардың тамыры тереңде. Қазақстанның халықаралық ұйымдар қызметіне, әсіресе, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде белсене қатысуы Түркия үшін маңызды, - деді Түркия Премьер-Министрінің орынбасары.