5-маусым - Дүниежүзілік қоршаған орта күні
5-маусым - Дүниежүзілік қоршаған орта күні
Қазақстанда экологиялық жүйелерді сақтау бойынша интерактивті ресурс ұсынылды. Дүниежүзілік қоршаған орта күнінің қарсаңында Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасы және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің (ҚР АШМ) Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Жаһандық экологиялық қордың (GEF) қаржылай қолдауымен экологиялық жүйелерді сақтау және пайдалану саласында бірегей Ғаламтор-ресурсты іске қосты.
«Экожүйелерді сақтау және орнықты пайдалану саласындағы сынама жобалар» Ғаламтор-ресурсы Қазақстандағы БҰҰДБ және ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Эко-Даму» Шағын несиелендіру бағдарламасы тарапынан жүзеге асырылатын биологиялық сан-алуандылықты сақтау, жаңғыртылмалы қуат көздерін және «жасыл технологияларды» енгізу, әрі орман шаруашылығын орнықты басқару бойынша барлық сынама жобалар туралы ақпаратты қамтиды.
Қазіргі таңда порталда Қазақстанның төрт өңірі бойынша 123 жоба туралы мәлімет бар:
1) Алматы облысы 43 жоба арқылы ұсынылған;
2) Қызылорда облысы - 54 жоба;
3) Маңғыстау облысы - 26 жоба;
4) Шығыс Қазақстан облысы – 1 жоба.
Ауыл шаруашылығы, атап айтқанда – топырақтың тозуын қысқарту, отарлы мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы, құс шаруашылығы, көкөніс шаруашылығы бойынша жобалар туралы мәліметтер кеңінен келтірілген. Қазақстанда енді дамып келе жатқан туризм бағыты ретіндегі экологиялық туризм туралы ақпарат ерекше қызығушылық тудырады. Порталдағы ақпарат ұдайы жаңартылып отырады.
Портал қызығушылық танытқан қолданушыларға орнықты ауыл және орман шаруашылығын жүргізу, ресурс үнемдеуші технологияларды енгізу, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың маңында орнықты қызмет-қарекет түрлерін дамыту салаларындағы жүзеге асырылған және асырылып жатқан сынама жобалар туралы мәліметтер алуға мүмкіндік береді.
Дүниежүзілік қоршаған орта күні туралы
Дүниежүзілік қоршаған орта күнінің 2017 жылғы тақырыбы адамның табиғатпен біртұтастығына арналған және бізді табиғат әлеміне бар сүйіспеншілігімізбен сүңгуге, оның маңызын түсінуге және баршамызға ортақ Жер ғаламшарын қорғауға үндейді. Бүкіл әлемдегі миллиардтаған ауыл тұрғындары «табиғатпен бірге» жұмыс істейді және өздерінің табиғи су көздеріне тәуелді екенін толығымен түсінеді және табиғат оларды құнарлы топырақ арқылы күнелтуге керек қаражатпен қамтамасыз ететінін біледі. Сонымен бірге, егер экожүйелерге ластанудың, климат өзгеруінің немесе шамадан тыс пайдаланудың кесірінен қауіп төнсе, бірінші болып қиналатындар да - өздері.
Қазақстандағы табиғи тепе-теңдік қоршаған ортаның азып-тозуы салдарынан ұқыпсыз шаруашылық жүргізуден аяусыз бұзылды. Республикадағы аса маңызды экологиялық мәселе шөлейттену болып табылады. Шөлейттену және тозу үдерістеріне республика аумағының шамамен 70 пайызы шалдыққыш келеді. Антропогендік (адами) қарекеттердің тегеурінімен көптеген жануарлар түрлерінің саны азая бастады және олардың мекендейтін аймақтары тарыла бастады. БҰҰДБ Қазақстандағы серіктестерімен бірге елдегі биологиялық сан-алуандылықты сақтау саласындағы жобаларды жүзеге асырады.