Жыл сайын елімізде 600 бала қатерлі ісікке шалдығады
Жыл сайын елімізде 600 бала қатерлі ісікке шалдығады
Елімізде жыл сайын 600 бала қатерлі ісікке шалдығады екен, – деп хабарлайды 24.kz арнасы.
Қатерлі ісікті жеңген балғындар өздері секілді аты жаман ауруға шалдыққан балалар мен олардың ата-аналарына үлкен үміт сыйлап отыр. Айша мен Әмина есімді мына балақайлар да кішкентай кезінде қатерлі ісікке шалдығып, бүгінде дертінен құлан таза айыққан.
«Help today» қорының ұйымдастыруымен өткен шараның мақсаты – баласын дерт дендеген ата-аналарды үмітін үзбеуге үндеп, сенімін арттыру. Сонымен қатар мамандар онкологиялық аурудың алдын алу және онымен күрес жолдарын талқылады.
«Балалар қатерлі ісігінің көбі елімізде емделіп, жазылып кетіп жатыр. Мысалы, ең қауіпті дегендердің 78 пайызы жазылады. Жиырма жыл бұрын бәрі керісінше болатын. Бізде Астана мен Алматы қаласында екі республикалық орталық бар», – дейді педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының директоры Риза Боранбаева.