ФИФА рейтингінде ұлттық құрама төрт орынға жоғарылады

ФИФА рейтингінде ұлттық құрама төрт орынға жоғарылады

ФИФА рейтингінде ұлттық құрама төрт орынға жоғарылады
ашық дереккөзі
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Халықаралық футбол қауымдастықтары Одағының (ФИФА) жаңарған рейтингінде төрт орынға жоғарылады деп жазады Vesti.kz.
Қазақстан құрамасы мамыр айында бірде-бір кездесу өткізген жоқ. Соған қарамастан жаңартылған тізімде отандастарымыз 104-орыннан 100-орынға көтерілді.  Дегенмен бұл орынға 331 ұпайы бар Үндістан мен  Никарагуа да таласып түр. Рейтингтің бірінші ондығында ешқандай өзгеріс болмаған. Бірінші орында – Бразилия, екінші орында – Аргентина, үштікті Германия құрамасы түйіндеп тұр. Дегенмен Польша құрамасы ұпай саны бойынша Испаниямен теңесіп, 10-орынға таласып тұр. 1 (1). Бразилия - 1715 ұпай, 2 (2). Аргентина - 1626, 3 (3). Германия - 1511, 4 (4). Чили - 1422, 5 (5). Колумбия - 1366, 6 (6). Франция - 1332, 7 (7). Бельгия - 1292, 8 (8). Португалия - 1267, 9 (9). Швейцария - 1263, 10 (10). Испания - 1198, 10 (11). Польша – 1198. Жаңарған рейтингтегі ең төменгі нәтижені Мавритания ұлттық құрамасы көрсетіп отыр. Олар 13 саты төмендеп, 104-ші орынға тұрақтаған. Бұл рейтингтің үздік көрсеткішін Жаңа Зеландия құрамасы еншіледі. Олар 17 саты жоғарылап, 95-орынға табан тіреген. Айта кетейік, 10 маусым күні Қазақстан құрамасы 2018 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Дания құрамасымен кездеседі.