Атлеттер қалашығынан 120 отбасыға баспана берілді
Атлеттер қалашығынан 120 отбасыға баспана берілді
Алматы қаласында Универсиада ойындары үшін салынған Атлеттер қалашағына пәтер кезігінде тұрғандар қоныстана бастады, – деп хабарлайды Астана арнасы.
Осылайша, маусым айының алғашқы күнінде алматылық 120 отбасы жаңа баспаналы болды. Атлеттер қалашығындағы пәтерлер «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша беріліп жатыр. Ол 8 жылдан 20 жылға дейінгі аралықта жалдап, сатып алу тәсілімен беріліп жатыр.
Жыл соңына дейін атлеттер қалашығына 400-ден астам отбасы қоныстанады. Барлығы әлеуметтік аз қамтылған 2 мың жанұяға пәтер беріледі. Олар мүгедек жандар, жетімдер, көпбалалы отбасылар мен бюджеттік мекеме қызметкерлері.
Биыл Алматыда шаршы метрлерді көбейту үшін «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы 20 миллиард теңге, ал жергілікті бюджеттен 33 миллиард теңге бөлінген. Кезекпен үй алушыларға пәтерді әділ бөлу үшін арнайы комиссия жұмысқа кіріскен.
«Біз комиссия мүшесі ретінде, мәслихат депутаттарын, қоғамдық кеңестің, жалпы белгілі азаматтардың тізімін қостық. Бәрі электронды түрде, пәтерлер берілетін болады. Соған байланысты, адами әр түрлі субъективті факторларды алып, ешқандай жемқорлыққа, түсініксіз мәселеге жол бермейтін боламыз», – дейді Алматы қаласының әкімі Бауыржан Бәйбек.