Жаңалықтар

"Құнанбай" фильмі мамырда көрсетіледі (фото)

ашық дереккөзі

"Құнанбай" фильмі мамырда көрсетіледі (фото)

Бұл киноны қазақ көремені көптен күтіп жүрген еді.  Досхан Жолжақсынов жұрт назарына ұлы Абайдың әкесі, қайраткер тұлға Құнанбай Өскенбайұлы туралы толықметржады көркем фильмін ұсынады, - деп жазады Қазақфильм киностудиясының редакторы, жазушы Дидар Амантай фейсбуктағы парақшасына.

Қазақфильм қызметкері Дидар Амантай: "12 мамырда Қарауылда, 13 мамырда Семейде, 16 мамырда Астанада, 24 мамырда Алматыда тұсауы кесілетін бұл кинотуынды да кино әлеміндегі үлкен жаңалық болады деп ойлаймыз" - дейді жазбасында. .Сондай-ақ, "Құнанбай" фильмі мамырдың 25-нен бастап еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетілмек.

Әлеуметтік желіге салынған суреттерден кинодағы Құнанбай қажы бейнесін және фильмдегі бірнеше көрністерді көруге болады. Фильмде бас рөлді киноның режиссері, актер Досхан Жолжақсынов сомдайды.

Фильм сценарийін жазғандар Досхан Жолжақсынов пен жазушы Таласбек Әсемқұлов.