Балаларға қатысты қылмыстардың саны 3,5 есе азайды

Балаларға қатысты қылмыстардың саны 3,5 есе азайды

Балаларға қатысты қылмыстардың саны 3,5 есе азайды
ашық дереккөзі
Балаларға қатысты қылмыстардың саны 3,5 есе азайды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің бөлім басшысы Әсет Оспанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Соңғы 5 жылда кәмелетке толмаған балаларға қатысты қылмыстардың саны 3,5 есе азайған. 2012 жылы 8,8 мың қылмыс тіркелсе, былтыр 2,5 мың қылмыс жасалған. Қоғам арасында балаларға қатысты қылмыс пен зорлық-зомбылық артты деген пікір қалыптасқан. Алайда  ол олай емес. Қоғам ақпараттық ортаға белсенді араласа бастады. Қазір әрбір адамда, балада, тіпті қарт кісілерде смартфон бар. Бір қылмыс жасалса, барлығы әлеуметтік желіге орналастырып, қызу талқыға салады. Соның әсерінен қоғамда күннен күнге балаларға қатысты қылмыстар артып кеткендей көрінеді», - деп атап өтті Ә. Оспанов. Оның айтуынша, сонымен қатар жасөспірімдер жасайтын ауыр және аса ауыр қылмыстар саны да едәуір азайған. Соңғы 5 жылда жасөспірімдермен жасалатын қылмыстар саны жылына орташа есеппен 6 процентке азайып келді. 2012 жылы 4,6 мың бала тәртіп бұзса, 2016 жылы ол қылмыстардың саны 3 мың болды. «Жаз мезгілінде біз «Жұмыспен қамту» шарасын өткізуді көздеп отырмыз. Оның аясында ішкі істер органдарының есебінде тұрған балаларды бос уақытында белгілі бір жұмыспен айналысуға жібереміз. Сонымен қатар «Түнгі қаладағы балалар» атты акция ұйымдастырамыз. Бұл шаралардың арқасында жастар арасындағы қылмыс санын тағы да азайтып, жасөспірімдерге қатысты жасалатын заң бұзушылықтардың алдын аламыз», - деп түйді сөзін ІІМ өкілі.