Ұрлық жасаудан көш бастап тұрған қала анықталды
Ұрлық жасаудан көш бастап тұрған қала анықталды
Республика бойынша өткен жылы 361 689 құқық бұзушылық орын алған. Соның ішінде 215 572 яғни 60%-ы ұрлық екен. Баукеспелер бір жылдың ішінде 285 351 адамды тонаған, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 3 % жоғары. Шенділер ұрлық санының еліміздің барлық өңірінде өскенін айтып отыр. Ең бірінші орында - ұялы телефон ұрлығы. 2016 жылы 44 323 қымбат байланыс құралы қолды болған. Екінші орында - пәтер ұрлығы 14,6 пайызға өскен. 2016 жылы 44 367 үй тоналыпты. Үшінші орында – ақшасынан айрылғандар. 2016 жылы 38 287 азамат қаражатын ұрлатып алған. Төртінші орын – теле-видео түсіру құрылғылары - 28 039 бейне бақылау ұрылардың қолында кетті. Елімізде ұрылар жайлаған қалалардың көшін Алматы қаласы бастап тұр. 4 айдың ішінде шахарда 15 405 адам барынан айрылып, полицияға арыз жазған.