Әкелер ұл мен қызға екі түрлі қарайды

Әкелер ұл мен қызға екі түрлі қарайды

Әкелер ұл мен қызға екі түрлі қарайды
ашық дереккөзі
Эмори және Аризона университетінің нейробиологтары мен психологтары әкенің ұл мен қызға қамқорлық таныту деңгейін анықтау үшін зерттеу жүргізді. Зерттеу нәтижелері Behavioral Neuroscience журналында жарияланды деп жазды Егемен Қазақстан. Ғалымдар әке мен баланың арасындағы қарым-қатынасты зертханада емес, қалыпты жағдайда, яғни үйде бақылады. Зерттеуге 21-55 жас аралығындағы 69 ер адам қатысты. Тәжірибеге қатысқан адамдар беліне 9 минут сайын қосылатын дыбыс жазатын арнайы құрылғы таққан. Ал түнде ол балалардың қасында қалдырылған. Сол арқылы ғалымдар тәуліктің кез келген уақытында әкенің баламен қалай қарым-қатынас орнататынын біліп отырған. Зерттеу нәтижесінде анықталғандай, әкелер қыздарына ерекше қамқорлық танытып, эмоцияларын ашық білдірген. Тіпті, қыздарына жиі ән салып беретін болған. Ұлдарымен салмақты тілдессе, қыздарын барынша еркелетіп отырған. Сонымен қатар ғалымдар зерттеу нәтижелерін бекіте түсу үшін әкелерді магнитті-резонансты тамографиядан өткізіп, ми жұмысын бақылаған. МРТ барысында ер адамдарға бөтен баланың, ересек адамдардың және ұлы мен қызының суреттері көрсетілген. Өз баласын көргенде мида белсенділік байқалған. Әсіресе, қуанып отырған қыздың суреті әкесіне ұлға қарағанда ерекше әсер еткен. Басқа жағдайда ұлы мен қызын көргенде мидағы белсенділік бірдей болған. Әзірге балалар өскен соң әкенің көңілі қандай болатыны белгісіз.