Қант диабетіне шалдыққан науқастарға 8 айдан бері инсулин жеткізілмей отыр

Қант диабетіне шалдыққан науқастарға 8 айдан бері инсулин жеткізілмей отыр

Қант диабетіне шалдыққан науқастарға 8 айдан бері инсулин жеткізілмей отыр
ашық дереккөзі
Қант диабетінің ауыр түріне шалдыққан науқастарға 8 айдан бері инсулин жеткізілмей отыр. Осылай деген Қазақстан диабет қауымдастығының өкілдері Денсаулық сақтау министрлігі мен "СҚ-Фармация" компаниясын тендерді бюрократиялық созбалаңға салғаны үшін айыптады деп хабарлады Астана арнасы. Бүгінде қант диабетімен ауыратын 18 мыңға жуық адам инсулинге зәру. Олардың 2,5 мыңы бала. Наталья Мәжитованың кенже ұлы екі жылдан бері қант диабетімен аурады. Баланың күтімі үшін биыл жұмысын да тастаған. Жақында қанындағы қант мөлшерін қалыпты ұстайтын инсулин таусылып қалыпты. Содан бері оның жағдайы нашарлап кеткен. Наталья Мәжитова, науқас баланың анасы: – Осыдан 4 күн бұрын бізде өткен жылдан қалған «Лантус» инсулині таусылды. Диабет орталығынан оған балама ретінде «Левимир» деген дәріні берді. Ол басқа фирманың өнімі болғандықтан, айырмашылығы көп. Тиісінше оған қайтадан бой үйрету қиындықтар туындатады. Дозасына бейімделіп, қанның нормасын қалпына келтіргенше, бала қиналып кетеді. Төрт күн болды бізде ұйқы жоқ. Елде Наталья Мәжитованың баласы сияқты 2,5 мың бала мен жасөспірім инсулинге тәуелді. Ақуыз гармоны, яғни инсулин мемлекеттен тегін беріледі. Бұған дейін шетелден жеткізілетін «Гларгин Лантус» препараты сусамыр дертіне шалдыққандар үшін ең қолайлысы. Ол ұйқы безі мен қандағы қант мөлшерін қадағалауда өзін клиникалық тұрғыдан ақтаған дәрі, дейді мамандар. Бірақ өткен жылы тамыз айынан бастап осы инсулин түрі елімізге жеткізілмейтін болыпты. Ләйла Жұбандықова, ҚР диабет қауымдастығының президенті: – Бюрократиялық созбалаңның кесірінен міне 8 айға созылып кетті. Тендер өткен жылы тамыз айында өткізіліп, қант диабетінен зардап шеккендерге қажетті инсулин жеткізілетін уақыт болды. Бірақ біз әлі күтіп отырмыз. Бүгін Денсаулық министрлігімен, бас эндокринологпен байланыстық. Ол министрдің бұйрығының шыққанын, жақын күндері тендер өтеді деген хабарын жеткізді. Бірақ біз күтуден шаршадық. Қант диабетіне шалдыққандарды өзге инсулинге бейімдеу эндокринолог дәрігерлер үшін де қиын процедура. Себебі бір инсулинге үйренген организмге басқа дәріні егу кері әсерін береді екен.