Нью-Йорктің қазақ полицейі марапатталды
Нью-Йорктің қазақ полицейі марапатталды
Нью-Йоркте полицей атанған қазақ жігіті Димаш Ниязов жақсы қызметі үшін ерекше марапатқа ие болды. Ниязов есірткі баронын құрықтап, елдегі қылмыстың деңгейін азайтқан деп хабарлайды NUR.KZ.
Жас полицей сондай-ақ, Бруклинде жауырыны жерге тимеген кәсіби боксшы болып та еңбек етеді.
Бокспен шұғылдануының арқасында физикалық параметрлер бойынша ол орташа статистикалық кадеттен асып түседі.
"Кейбір жағдайларда физикалық күшті қолданып, төбелеске араласуға мәжбүр боласың. Мысалы, серіктесің немесе әріптесің көмекке мұқтаж болған жағдайда. Міне, мұндайда менің жұдырықтасу қабілетім тәртіп бұзушыларға тойтарыс беруге көмектеседі. Бірақ, ешкімге ауыр жасағым келмейді."
Бастапқыда Ниязов анасының үлгісімен Long Island University-де мейіргер мамандығы бойынша үш жыл білім алды. Алайда, Полиция академиясы оны оқуға қабылдауға келіскенде, ол медицина саласымен қош айтысты.
"Ол бұл жолды өзі таңдады, - дейді әкесі Исмат ұлының нью-йорктік полиция департаментіне оқуға түсу туралы шешіміне пікір білдіре отыра. – Міне, осылай. Оған бұл жұмыс ұнады. Олай болса, жұмысы жемісті болсын".
Ниязов өзінің полицей болып қызмет атқарып жүргенін естіген көптеген жанкүйерлерінің таңғалғандығын айтады.
"Мені формада көрсе, олар таңдана қарайды. Олар үшін бұл тым өзгеше", - дейді Ниязов.
Димаш болашақта бокс әлемінде жетістіктерге жетіп жатса да, полицейлік қызметсіз өмірін елестете алмайды. Ол тіпті қызметтік мансапты армандамайды да, себебі, ол үшін өзі өмір сүретін әрі жұмыс жасайтын Оңтүстік Бруклин қаласындағы тәртіпті бақылау бәрінен де маңызды.