Е.Сағадиев: Орыс мектебінің балалары қазақ тілінде 11 жыл оқыса да сөйлемейді

Е.Сағадиев: Орыс мектебінің балалары қазақ тілінде 11 жыл оқыса да сөйлемейді

Е.Сағадиев: Орыс мектебінің балалары қазақ тілінде 11 жыл оқыса да сөйлемейді
ашық дереккөзі
Білім және ғылым министрі халық алдындағы есебінде осылай деді. Бүгінде балалардың 90 пайызы мемлекеттік тілде оқып жатыр. Ал Ұлттық бірыңғай тестілеуді қазақ тілінде тапсырғандардың үлесі – 80 пайыз. Бұл бұрын-соңды болмаған жағдай. Ал Ерлан Сағадиев орыс тілді балаларға мемлекеттік тілді оқыту әдістемесіне көңілінің толмайтынын айтты. Ерлан Сағадиев, ҚР Білім және ғылым министрі: - Қазіргі уақытта аса назар аударатын проблемалардың бірі орыс мектептерінде оқитын 500 мыңға жуық балалар қазақ тілінде 11 жыл оқыса да сөйлемейді. Оларды сол уақытқа дұрыстап дайындау керек. Әдістеме нашар екенін барлығымыз түсініп отырмыз. Жаңа деңгейдегі ғылыми негізде жасалған әдістеме дайын. Деңгейі мен сөздік минимуммен, коммуникативтік технологиялармен жасалған әдістеме жалпы дайын. Пилот ретінде оны биыл мектептерге береміз.