Елімізде әйелдердің бетін тұмшалауына тыйым салынбақ

Елімізде әйелдердің бетін тұмшалауына тыйым салынбақ

Елімізде әйелдердің бетін тұмшалауына тыйым салынбақ
ашық дереккөзі
Елімізде орамал тағып, хиджаб киіп жүруге тыйым салынбайды. Шектеулер тек қара жамылғымен бет-жүзді тұмшалайтын киім түріне қатысты болады. Бұл туралы Дін істері және азаматтық қоғам министрінің орынбасары Берік Арын мәлімдеді деп хабарлады Хабар 24. Қазақстанда 18 конфессияның мүддесін білдіретін 3 мың 600 діни бірлестік жұмыс істейді. Діни ағымдарға қатысты болашақта қабылдануы мүмкін шектеулер қазіргі уақытта сараланып жатыр. Бұл бағытта халықаралық тәжірибе мен қоғамдық пікір ескерілетін болады. Дәстүрлі емес діни ағымдардың әрекетіне тосқауыл қою үшін мемлекеттік саясаттың 2017-2020 жылдарға арналған кешенді тұжырымдамасы әзірленді. Сала министрлігі жат ағымның жетегінде кеткендермен үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, жыл басынан бері 300-ден астам азаматты радикалды ойынан қайтарды. Берік Арын, Дін істері және азаматтық қоғам министрінің орынбасары: - Біз жалпы профилактика арқылы азаматтардың дін саласына қатысты мәселе бойынша сауатын көтеруге, жұртшылық арасында зайырлы құндылықтарды ілгерілетуге, қоғамда діни экстремистік идеялогияны жақтырмайтын, қабылдамайтын ахуал қалыптастыруға және жастардың бойында радикалды діни идеологияларға төтеп беретін иммунитет қалыптастыруға ерекше мән беріп отырмыз. Біздің мүддеміз ұлттық рухқа, төл мәдениетіміз бен дәстүрлерімізге, діннің жалпы адамзат құндылықтарына, қатарласып, бейбіт өмір сүруге және заманауи шынайылыққа негізделуі тиіс деп есептейміз.