Жаңалықтар

Өзбек билігі мейрамханаларда ауызашар өткізуге тыйым салмады

ашық дереккөзі

Өзбек билігі мейрамханаларда ауызашар өткізуге тыйым салмады

Өзбекстан билігі биыл қоғамдық тамақтану орындарында мұсылмандардың қасиетті Рамазан айында ауызашар өткізуге тыйым салмады. Ташкенттің бірқатар мейрамхана, кафе өкілдері ауызашарға тапсырыс қабылдап жатқанын айтты. «Біз 100 адамға дейін ұжымдық ауызашар өткізуге тапсырыс қабылдаймыз. Ифтарға бірінші және екінші ас мәзірі ұсынылады», - деді Ташкент кафелері бірінің әкімшісі. Ташкент тұрғыны Тошбек былтыр мейрамханалар мен кафелерге ауызашар өткізуге тыйым салынғанын атап өтті. «Биыл олай емес, керісінше мейрамханаларда ифтар-мәзірге жеңілдіктер жасалынады. Мысалы су, құрма, қарбыз және жүзім тегін беріледі», – дейді ол. Бірақ бұрынғыша мешіттерде ифтар өткізуге рұқсат етілмейді. Өзбекстан тұрғындарының 90 пайыздан астамы мұсылман. Олардың басым бөлігі жыл сайын Рамазан айында ауыз бекітеді. Ислам Каримов тұсында қоғамдық тамақтану орындарында ауызашар өткізуге тыйым салынған болатын.