Жаңалықтар

Трамп президенттерге ұялы телефонының нөмірін берді

ашық дереккөзі

Трамп президенттерге ұялы телефонының нөмірін берді

Дональд Трамп дипломатиялық хаттаманы бұзып, өзге мемлекет басшыларын тікелей ұялы телефонына хабарласуға шақырды. Бұл туралы  Ассошиэйтед Пресс агенттігіне сілтеме жасап РИА Новости хабарлады.  Дереккөздің хабарлауынша, президенттің бұл қылығы "АҚШ басшысы хабарламаларының қауіпсіздігі мен құпиялығына қатысты алаңдаушылық туғызды". Дәлірек айтқанда, Трамп Канада және Мекиска көшбасшыларын өз ұялы телефонына хабарласуға шақырды. Канада премьер-министрі Джастин Трюдо президенттің бұл ұсынысын қабыл алып, жеке телефон арқылы тілдесіп үлгерген. АҚШ президенті Франция президенті Эммануэль Макронмен де телефон нөмірлерімен алмасқан көрінеді.